«Екінші болма»

434

Описание

Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі. 2,5 жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналды. Алайда барлығы осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.



1 страница из 150
читать на одной стр.
Настроики
A

Фон текста:

  • Текст
  • Текст
  • Текст
  • Текст
  • Аа

    Roboto

  • Аа

    Garamond

  • Аа

    Fira Sans

  • Аа

    Times

стр.
Екінші болма (fb2) - Екінші болма 3394K скачать: (fb2) - (epub) - (mobi) - Қуаныш Шонбай

Қуаныш Шонбай

Екінші болма!

БИЗНЕСТЕ, КАРЬЕРАДА ЖӘНЕ ӨМІРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУДІҢ ҚАЗАҚША ЖОЛЫ

3-басылым

Табысты кәсіпкер ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі Екі жарым жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді танымал және беделді брендке айналды. Алайда оны білетіндер осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.

Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім, компаниядағы менеджерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт, компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.

Осы кітаптың жарық көруі – балалық шақтан бері қолдап, қателіктерімді кешіріп, әр бастамама демеу берген асыл анам Үміткен Қапанқызы мен ардақты әкем Рашит Сәткенұлының арқасы.

Оларға деген алғысым шексіз.

Қуаныш ШОНБАЙ

АЛҒЫ СӨЗ

16.8.2017

Словения, Рогашка қаласы...

2017 жылдың шілде айында екі-үш күндей депрессияға (күйзеліске) ұшырадым. Себебін анықтап қарасам, сол кезде мақсатсыз қалғандай болыппын. Өйткені, 2015 жылы «Rumi»-ді енді ашқанда, бизнестегі әріптесім Айдос мырза екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық. Ол кезде дайын ресторан (мейрамхана) тұрмақ, қолымызда қаражат та, ешнәрсе де жоқ еді. «Rumi»-ді құрсақ, соның жылдық саудасы 5 миллиард теңге болса екен», деп армандайтынбыз, ол бізге қол жетпестей болып көрінетін. Бірақ мен сол көздеген табысқа екі жылдан кейін, 2017 жылдың маусым айында жететінімізді түсіндім. Ал енді межелеген мақсатымызды орындап, арманымызға қол жеткізгеннен кейін, мақсатсыз қалғандай болдым.

Комментарии к книге «Екінші болма», Қуаныш Шонбай

Всего 0 комментариев

Комментариев к этой книге пока нет, будьте первым!

РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ

Популярные и начинающие авторы, крупнейшие и нишевые издательства